​Профессор Х. Әбжанов Түркістан облысы әкіміне XV ғасырда салынған картаның тізімін сыйға тартты

0
1 992

Профессор Х. Әбжанов Түркістан облысы әкіміне аса құнды жәдігерді салтанатты түрде тапсырды.


​Профессор Х. Әбжанов Түркістан облысы әкіміне XV ғасырда салынған картаның тізімін сыйға тартты

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа Ұлы Жібек Жолының картасын салтанатты түрде тапсырды деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл құжат XV ғасырда салынған. Х. Әбжановтың сөзіне қарағанда осыдан 4-5 жыл бұрын Алматыдағы ғылым академиясында тарихқа қатысты үлкен жиын өткен. Оған Қытайдағы Бейжің университетінің профессоры Линь Мэйцунь қатысты. Арнайы шақыртуға риза болған қытай ғалымы XV ғасырда басылған картаның көшірмесін сыйға тартыпты. Бұл өзіндегі екі көшірменің біреуі. Әлемде бұл картаның көшірмелері бір қолдың саусағының санына да жетпейді. Ал, түпнұсқасы Гонконг банкінде сақтаулы тұр. Оның құны – 20 миллион АҚШ доллары. Картада Ұлы Жібек Жолының бойындағы ірі қалалар мен өзендер белгіленген. Ішінде Түркістан қаласы да бар. Х. Әбжанов болашақта Түркістан облысының орталығы – Түркістанда үлкен мұражай салынатынын естігеннен кейін аса құнды жәдігерді тапсыруды жөн көрген.