​Пышақпен қорқытып, байлап тасаған: Отырарда қарақшылық жасағандар Шымкентте ұсталды

0
1 066

Оның біреуі бұрын сотты болған.


​Пышақпен қорқытып, байлап тасаған: Отырарда қарақшылық жасағандар Шымкентте ұсталды

Түркістан облысының криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйіне қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырар ауданы тұрғынының үйіне түн ортасында бетперде киген белгісіз үш адам терезе арқылы басып кірген. Осы уақытта ұйықтап жатқан ерлі-зайыптыларды пышақпен қорқытып, жұбайын байлап тастаған соң қымбат тоны мен алтын бұйымдарын, 4 ұялы телефонды және тіркелген екі аңшы мылтығын алып кеткен.

Аталғанжайт ҚР ҚК 192-бабы "Қарақшылық" бойынша СДТБТ-ға тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтады. Криминалдық полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады. Олар Отырар, Мақтарал аудандарының, Шымкент қаласының және Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты. Оның біреуі бұрын сотты болған. Күдіктілер Шымкент қаласының көшелерінің бірінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу барысында 4 жас жігіттен тұратын қылмыстық топ қарақшылық жолмен алынған алтын бұйымдарын ломбардқа өткізгені анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары, күдіктілер қылмыс іздерін жасыру үшін көміп қойған мылтықтарды тауып, айғақты зат ретінде тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.