Рамазан айында жалғызбасты анаға үй сыйлады (видео)

0
1 894

Олар мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай, баспанаға мұқтаж бір азаматшаға үй кілтін ұстатты деп хабарлайды


Рамазан айында жалғызбасты анаға үй сыйлады (видео)

ERNUR.KZ.Түлкібас ауданының білім ошақтарының ішіндегі қара шаңырағы атанған Абай атындағы мектеп-лицейінің 1998 жылғы түлектері Рамазан айында сауапты іс жасады. Олар мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай, баспанаға мұқтаж бір азаматшаға үй кілтін ұстатты деп хабарлайды, ОҚО, Түлкібас ауданы әкімдігі өзінің фейсбук парақшасында.

Туған мекенге, білім алған алтын ұя — мектепке әрбір перзент ыстық ықылас танытып, реті келгенде қол ұшын беріп, көмектесіп жатса, бұл да бір ғанибет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын ұям» жобасы бойынша өңірдегі түлектер өздері білім алған мектептерге және ауылына қолдау көрсетуімен бірсыпыра іс тындырылды. Әсіресе, көңілге дем болатыны Тұрар Рысқұлов ауылындағы мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектердің жалғызбасты анаға баспана беруі. Биылғы мектеп бітірушілердің Ордабасы ауданы «Бірлік» монументінде басқосуы өткенді ұмыт қалдырмай, келешекке деген сенімді оятқаны бар. Айта берсек осы секілді игі істер баршылық. Аудан, қалалардағы 10, 20, 30, 40 жыл бұрын мектептерді бітірген түлектер қолдарынан келгенше қолдау көрсетіп, үлгілі де, өнегелі істерін көрсетуде.