Республикалық мерзімді БАҚ басылымдары Түркістан қаласына көшіп жатыр

0
1 876

Тағы бір қуантарлық жаңалық, Қасымхан Бегмановтың 9 жылдан бері жарыққа шығарып жүрген этнографиялық "Дәстүр" журналының редакциясы Алматыдан түркі әлемінің мәдени және рухани орталығы атанған Түркістан қаласына көшіп жатқанын жеткізді.


Республикалық мерзімді БАҚ басылымдары Түркістан қаласына көшіп жатыр

Түркістандағы ХҚТУ-дің Мәдениет орталығында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлықтарының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері, көрнекті ақыны Қасымхан Бегмановтың 60 жас мерейтойына орай "Сағыныштан тұрады тіршілігім..." атты шығармашылық кеш өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Айқын газетінің Түркістан облысындағы тілшісі Telman Beisenнің парақшасына сілтеме жасап.

Кешеден бері жалғасып жатқан мерейтойда құрметті қонақтар Темірхан Медетбек, Тынымбай Нұрмағамбетов, Ұлықпан Сыдықов, Ғалым Жайлыбай, Бауыржан Жақып, Марат Тоқашбаев, Жанарбек Əшімжан, Бахытжан Алдияр сынды ақын-жазушылар қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.

Бүгінгі шара алдымен журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізуден басталды. Мәслихатта алыстан келген ақын-жазушылар Қасекеңнің қаламгерлік өнердегі атқарып жүрген игі істерін айтып, азаматтығына тоқталды.

Тағы бір қуантарлық жаңалық, Қасымхан Бегмановтың 9 жылдан бері жарыққа шығарып жүрген этнографиялық "Дәстүр" журналының редакциясы Алматыдан түркі әлемінің мәдени және рухани ортылығы атанған Түркістан қаласына көшіп жатқанын жеткізді.

Шығармашылық кешті облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мырза ашып, облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың құттықтау хатын оқып беріп, жылы лебізін білдірді.
Еске сала кетейік, кеше қала күнін тойлау барысында облыс әкімі ақынды келген қонақтармен бірге этноауылдағы ақ шаңқан киіз үйде арнайы қабылдап, ақ дастархан басында ауызба-ауыз құттықтауын жеткізіп, иығына шапан жапқан болатын. Одан соң туған ауылы Үлгілі және Бабайқорғанда ауылдастармен кеш өтті және сол жерде мектепте сынып-кәбинеті ашылған болатын.

Кешкісін Кентау қаласының әкімі Әбдуахит Мақұлбаев мырза қонақтарға арнап дастархан жайып, құрмет көрсетті.

Бүгінгі шарада өнерпаз жастар ақынның жырларынан жыр оқып, ақынның әндерін орындап жатыр.
Зиялы қауым өкілдері де тілектер айтып, иығына шапан жапты.
Шарада Құлбек Ергөбек бастаған ХҚТУ-дің ұстаздары тосын сый жасап, Қасымхан ақынға Ясауи атындағы төсбелгі тақты және Университеттің құрметті профессоры атағы берілгенін жеткізді. Сондай-ақ Университеттің ректоры Болатбек Әбдірасіловтың құттықтау хатын табыстады.