​Рухани керуен Түркістанға келді

0
1 261

Іс-шараны Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы бірлесе ұйымдастырды.


​Рухани керуен Түркістанға келді

Жер жәннаты - Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені -Түркістан өңіріне Рухани керуен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жобаның басты мақсат - Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу.
Керуен мүшелері «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашығының негізі» атты тақырыпта Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесті.
Жиынды ашқан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев келген қонақтарды таныстырып өтті. Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов керуен жұмысының барысына тоқталды.
Кездесуде Алматыдан келген теолог мамандар керағар діни ағымдардың қоғамға келтірер зиянын айтып, дәстүрлі діннің артықшылықтарын түсіндірді.
Елбасының «Рухани жаңғыры» бағдарламалық мақаласындағы айқын басымдықтарды жан-жақты айтты. Көпшілік «Рухани қазына» концерттік бағдарламасын тамашалады.
Керуен мүшелері «Арыстан баб», «Отырар» мемлекеттік - археологиялық қорық музейіне экскурсия жасады.
Түркістандағы Қ.А.Ясауи мешітінде имамдармен және мешіт жамағатымен, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ жастармен кездесті.