​«SAFARI SHARDARA» (фото)

0
4 006


​«SAFARI SHARDARA» (фото)

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Шардара ауданының "Аққала" демалыс аймағында өткізіліп жатқан SAFARI SHARDARA іс-шарасы аясында Түркістан облысының барлық аудандары ұлттық нақыштағы киіз үйлер тігіп, келген қонақтарға ұлттық тағамдар мәзірін ұсынуда, ERNUR.KZ тілшісі.

Мұнан да басқа әрбір өңірден келген қолөнершілер қолдан жасаған бұйымдарын ұсынып жатыр.

Қылқалам шеберлері өтіп жатқан фестивальдің айшықтарын майлы бояумен кенеп бетіне түсіріп, сурет салудан жарысқа түсуде.

Арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің де көрмесі бұл іс-шарада ұмыт қалмаған.

Жер-жерлерден келген өнерпаздар қауымы ұлттық ән-биден шашу шашып, қонақтардың көңіліне мерекелік қуаныш сыйлауда.

Арнайы дайындалған хауздарда Шардараның символы саналатын балықтардың түрлері де жұртшылықты тәнті етті.