​Сайрамда 60 көше жөнделуде

0
1 762

Аудан көлеміндегі апатты жағдайдағы 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 88 000,0 мың теңге қаржы қарастырылып, оларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық пайдалануға берілді.


​Сайрамда 60 көше жөнделуде

Биыл Сайрам ауданына қарасты елді – мекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін бюджет есебінен 548 млн.тг бөлініп, жалпы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтатын болсақ, аудан орталығы Ақсукентте 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында екі көшеден жалпы 6 көше, Қарамұрт елді мекенінде 3, Жібек жолыда 2 көше жөнделуде.
Сонымен қатар, аудан көлеміндегі апатты жағдайдағы 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 88 000,0 мың теңге қаржы қарастырылып, оларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда, Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары облыстық коммуналдық меншіктен аудандыққа қабылданып, аталған жолдарға ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ауыл әкімдіктері есебінен (КСН) қаралған 155,5 мың теңгеге Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарында ұзақтығы 13,5 шақырым болатын 21 көше орташа жөндеуден өткізілді.