​Сайрамда «Медиация - татулықтың бастауы!» атты кездесу өтті

0
1 687

Аудан әкімдігі, аудандық сот пен аудандық қоғамдық кеңестің ұйытқысымен өткізілген кездесудің мақсаты- жергілікті тұрғындар арасындағы даулы мәселелерді талқылау, сотта және сотқа дейін медиация тәртібімен шешу.


​Сайрамда «Медиация - татулықтың бастауы!» атты кездесу өтті

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамды татулыққа, бірлікке, түсіністікке шақыратын кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR. KZ тілшісі.

Аудан әкімдігі, аудандық сот пен аудандық қоғамдық кеңестің ұйытқысымен өткізілген кездесудің мақсаты - жергілікті тұрғындар арасындағы даулы мәселелерді талқылау, сотта және сотқа дейін медиация тәртібімен шешу.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев жүргізіп отырды. Өз кезегінде Сайрам Аудандық Сотының төрағасы Берик Тыныбеков "Медиация - татулық бастауы" тақырыбында баяндама жасап, елмен елді, адам мен адамды сотқа дейін татуластырудың тетігі болып табылатын медиацияның қазіргі қоғамға пайдасы зор екендігін, бұл бағыттағы жұмыстарға ауыл төбе билерінің, ардагерлер кеңестерінің, жастар белсенділерінің, әйелдер мен әжелер кеңестерінің, дін саласы қызметкерлерінің рөлі жоғары екендігін айтты.

Ал, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Амангелді Қабылбеков аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан билер алқасын құру және оның ережесін бекіту туралы ұсынысын ортаға салды. Жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныстар, пікірлер талқыға салынып, хаттамаға енгізілді.