Сайрамда салауатты өмір салты насихатталды

0
1 546

Спортты насихаттауға орай ұйымдастырылған турнирде тек Қарасу Ауылдық Округі жігіттерінен құрылған 10 команда өзара бақ сынасты. Командалардың арасындағы сайыс тартысты өтті.


Сайрамда салауатты өмір салты насихатталды

Түркістан облысы, Сайрам ауданында футболдан турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округінің тұрғындары, спортсүйер жігіттерінің ұйымдастыруымен "Рауан спорт кешенінде" футболдан турнир өтті.

Турнирге тек Қарасу Ауылдық Округі жігіттерінен құрылған 10 команда өзара бақ сынасты. Командалардың арасындағы сайыс тартысты өтті. Спортсүйер қауым үшін тартысты ойын болды.

Ауылдың үлкен- кішісі бірігіп, турнирді ойдағыдай атқарды. Бұл турнирдің басты мақсаты - спортты дәріптеу. Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

Спорт - денсаулық кепілі. Сондықтан, ауыл жігіттерінің ұйымдастыруымен "Рауан спорт кешенінде" өткен турнирде жүлде тағайындалып, жігіттер үшін тартысты ойын болуына септігін тигізді.

Бас жүлдені қанжығасына байлаған команда ақшалай сыйлыққа ие болды. Айта кетейік, Бұл сайыста жүлде үшін 30 000 теңге тігілді.

Сонымен қатар, игілікті істің жалғасын табуын, жыл сайынғы дәстүрге айналғанын қалайтын ауыл тұрғындары үшін бұл ерекше өткен шара болды.