​Сарыағаш ауданында «Татуласу орталығы» ашылды

0
1 552

Ондағы мақсат - дау-жанжалды соттан тыс шешу.


​Сарыағаш ауданында «Татуласу орталығы» ашылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында отбасылық келеңсіз жағдайларды алдын алу бойынша жаңа орталық ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – «Татуласу орталығы» жобасы. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру.

Осы мақсатта аудандық сот төрағасы Т.Машрапов пен Сарыағаш аудан әкімі Қ.Абдуалиев бірлесіп «Татуласу орталығын» ашты.
Салтанатты іс-шараны аудан әкімі ашып, өңіріміздегі дауларды азайту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
Орталықта азаматтар келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол орталықта көрсетіледі.