​Сарыағаш ауданында заман талабына сай спорт кешені ашылды

0
2 942

Аталған спорт кешенінде футбол, бокс, дзюдо, шахмат, күрес, жүзу. Сондай-ақ, ауыр атлетикамен айналысуға да мүмкіндіктері бар.


​Сарыағаш ауданында заман талабына сай спорт кешені ашылды

Сарыағаш заманауи спорт кешені ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған спорт кешенінің ашылуына аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты А.Салимов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Бердашов, ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагер спортшылар мен жалпы жұртшылық қатысты.
Жергілікті халық игі бастама - салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын көбейтуге оң серпін беретіндігіне сенім білдірді. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытында берген тапсырмасы Сарыағаш ауданында тиянақты орындалуда. Сарыағаш қаласында бұрын-соңды спорт кешені болмаған. Енді міне, көптің тілегі қабыл болды. Жаңа нысаннан спорт саңлақтары тәрбиеленіп шығады деген сенім де бар.
Жиналған қалың жұрт та келешекте қазақ спортын әлемге әйгілі ететін тұлғалардың дәл осы жерден түлеп ұшатынына үмітті. Бұл орайда, тұрғындар ел үшін еңбек еткен жомарт азаматтарға алғыстарын жеткізді. Енді спортшылар спорттың жеті түрімен бос уақыттарында шұғылдана алады.
Атап айтқанда футбол, бокс, дзюдо, шахмат, күрес, жүзу. Сондай-ақ, ауыр атлетикамен айналысуға да мүмкіндіктері бар. Заманауи үлгіде жабдықталған қос қабатты спорт кешені көпшіліктің көңілінен шықты.