​Сарыағаш қаласында «Smart city - Ақылды қала» жобасы іске қосылады

0
2 616

Халықтың әлеуметтік ісіне оң әсерін тигізіп, қалалық инфрақұрылымның дамуына жол ашады.


​Сарыағаш қаласында «Smart city - Ақылды қала» жобасы іске қосылады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Smart city - Ақылды қала» жобасын енгізу бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған жиынның мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласында «Smart city - Ақылды қала» атты жаңа кешенді жоба жасақталуда. Мұның басты мақсаты - тұрғындар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау.

Аталмыш жиында «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Түркістан облысының Цифрландыру орталығының» директоры А.Жангулов және Сарыағаш қаласының әкімі С.Сүлейменова және ауданның бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

-«Smart city - Ақылды қала» тұжырымдамасы қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделгенін атап өтті. Жобаны «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қауіпсіз қала, «ақылды» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, медицина және электронды әкімдік бағыттарында 2020 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр деп хабарлайды Сарыағаш қаласының әкімі С.Сүлейменова.