Сарыағаш-Шардара тас жолында көлік тонағандар ұсталды

0
2 149

Оңтүстік Қазақстан облысының полициясы Сарыағаш-Шардара тас жолында көлік тонаған күдіктілерді үстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сарыағаш-Шардара тас жолында көлік тонағандар ұсталды

фото: ашық дереккөзден

Оңтүстік Қазақстан облысының полициясы Сарыағаш-Шардара тас жолында көлік тонаған күдіктілерді үстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бетперде киген белгісіз тұлғалар жүк көлігін тоқтатып, жүргізуші мен жолаушыларды қарумен қорқытып, миллион теңгеден астам ақшаларын алып кеткен. Жәбірленушілердің бірі Сарыағаш ауданының тұрғыны жарақаттанып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Сарыағаш АІІБ ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады, олар 25 жастағы жергілікті тұрғындар. Полицейлер қарақшылық шабуылға қатысы бар үшінші сыбайластарына іздеу жариялады.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.