«Сарыағаш» шипажайының сатылуы екінші рет кейінге шегерілді

0
1 472

Сауықтыру кешенінің электронды сатылымы 2018-жылдың 4-желтоқсанына қалдырылды деп хабарлайды ERNUR.KZtoday.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Шипажайдың алғашқы сатылу бағасы 3 414 181 000 теңге, ал, кепіл соммасы 500 миллион теңгені құрайды. Кешеннің жаңа иесі барлық қызметкерлерді өз орындарында қалдырып, жаңадан 30 адам жұмысқа алуы керек. Және сатылым соммасының 50%-ын құрайтын инвестиция салуы қажет. Шипажай қазір ОҚО Қаржы Басқармасының қарамағында. Еліміздегі үлкен сауықтыру кешендерінің бірін сату жылдың басына жоспарланған болатын. Емдік сауықтыру кешенінің сатылымы екінші рет кейінге қалдырылып отыр. Бірінші аукцион 2017-жылдың 12 желтоқсанында өткен.