Сарыағашта футболдан «Студенттік лига» ойыны өтті

0
1 463

Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 5 команда және Келес ауданынан 1 команда қатысып бақтарын сынады.


Сарыағашта футболдан «Студенттік лига» ойыны өтті

Сарыағаш ауданында кіші футболдан арнаулы орта оқу орындарының арасында кіші футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан спорт кешенінде арнаулы орта оқу орындарының арасында спорттың кіші футбол түрінен «Студенттік лига» ойыны өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 5 команда және Келес ауданынан 1 команда қатысып бақтарын сынады.
Жарыстың мақсаты жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау.
Тартысты өткен бұл жарыстың нәтижесінде І-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІ-орынды Қапланбек аграрлық - техникалық колледжі, ІІІ-орынды Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі иеленді.
Жарысты тамашалауға, жастарды қолдауға Сарыағаш аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, жастардың жанашыры Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков қатысты. Жарыс соңында аудан басшысы жастарды бүгінгі «Студенттік лига» ойынымен құттықтап, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.