Сарыағашта жастар арасында жаңа бастама бастау алды

0
1 505

Ең алғашқы бастаманың бастауы Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің жатақхана студенттернен басталды.


Сарыағашта жастар арасында жаңа бастама бастау алды

Сарыағашта жаңа бастама ретінде жастарға арналған караоке алаңы ашылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Сарыағашта жаңа бастама қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш ауданның жастар орталығының мамандары ауданда жаңа бастаманы қолға алды. Бұл караоке аудан көлемінде өтеді, яғни аудандағы ауыл және елді мекендерге барып жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, талантты жастарға қолдау көрсету, жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және түнгі беймезгіл уақытта жүруіне тыйым салу мақсатында өткізіліп жатыр. Ең алғашқы бастаманың бастауы Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің жатақхана студенттернен басталды.
Ауыспалы караоке Сарыағаш жастарының көңілнен шығып, сұранысқа ие болып жатыр. Бұл караоке ерекшелігі әлеуметтік желіде немесе Сарыағаш ауданы жастар ресурстық орталығына хабарласып белсенділік танытқан қала, кент немесе ауылдық округінің жастарына барады.