​Сарыағаштағы көпқабатты үйдің мәселесі бақылауға алынды

0
2 074

Бұл мәселені аудан әкімі жеке бақылауына алып, мәселені шешу бойынша қала әкімі мен тиісті бөлім басшыларына арнайы тапсырмалар берді.


​Сарыағаштағы көпқабатты үйдің мәселесі бақылауға алынды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында көп қабатты үйдің тұрғындарының шағымына байланысты ауданәкімі шұғыл тапсырмалар берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш қаласында 36 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің 2016-2017 жылдары құрылысы жүргізіліп, тұрғын үй комиссиясының қорытындысына сәйкес, аудан әкімдігінің 25.05.2017 жылғы №187 қаулысымен тұрғын үй кезегінде тұрған 36 азаматқа берілген.

Бүгінгі күнде «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 2018 жыл басында жоспарланған Сарыағаш қаласы, Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 5 қабатты 45 пәтерлі 13 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп аяқталғаннан кейін, аталған көп пәтерлі тұрғын үйдің жылу жүйесі орталықтандырылған жылу қазандығына қосу жоспарланған екен.

Сарыағаш аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес, жылу қазандығын қосу тұрғындар үшін тиімсіз болып отырған көрінеді. Мәліметке орай, әр отбасыға тек қана жылу үшін 1 бөлмелі пәтерге 44000 теңге, 2 бөлмелі пәтерге 64478 теңге, 3 бөлмелі пәтер иесі 84478 теңгеден төлеуі тиіс болады. Бұл қаражатты әлеуметтік осал топтағы азаматтар төлеу мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты, қазіргі таңда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық төлемді субсидия жасаудың заңдылығы қаралуда екен.

Сарыағаш қаласында орталық кәріз жүйесі болмағандықтан, уақытша пәтер иелерінің келісімімен септик қазылып, пайдалануға берілген. Көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесін орталық кәріз жүйесіне қосу қарастырылғандығы жөнінде тұрғындарға ескертілген. Қазіргі таңда пәтер иелерінен пәтер ақыларына қосымша ақы алынып ассенизатор машинасы арқылы септик тазалануда.

Қазіргі таңда ҚР ҰҚК ШҚ «2020 Әскери бөлімі» мекемесінің кәріз жүйесіне уақытша қосу үшін Сарыағаш қаласы әкімдігімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аталған көппәтерлі тұрғын үй ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, ауыз су беру қызметін «ҚазСуШар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы «Сарыағаш топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі атқарады.

Бұл мәселенің шешілуі бойынша қатаң бақылауға алынып, қосымша ақпарат берілетін болады.