​Сарыағаштық имамдар футбол ойнап жарысты

0
272
Турнир нәтижесінде жүлделі І орынды Медресе колледж ұстаздары жеңіп алса, ІІ орын «Үміткер» командасына бұйырды Ал ІІІ орынды «Жастар» командалары иеленді.

​Сарыағаштық имамдар футбол ойнап жарысты

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында аудан имамдары және медресе колледж ұстаздары арасында кіші футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Рухани келісім күніне арналған аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада аудан имамдары және медресе колледж ұстаздары арасында спорттың кіші футбол түрінен турнир болып өтті. Турнир нәтижесінде жүлделі І орынды Медресе колледж ұстаздары жеңіп алса, ІІ орын «Үміткер» командасына бұйырды Ал ІІІ орынды «Жастар» командалары иеленді.

- Өткізіліп жатқан бұл жарыстың мәні өте жоғары. Бүгінгі жарыстан жылдағыдан қарағанда командалардың көптеп жиналуы, жылдан-жылға ойыншылардың тәжірбиесінің өсуі айқын көрініп тұр. Алдағы уақытта жарысқа қатысушылардың саны артып, аудан имамдары және медресе колледж ұстаздары арасында басқа да спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылатын болады, - деді Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлім басшысы Алдияр Қозыбаев турнир жеңімпаздарын құттықтау кезінде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы толеранттылық пен конфессиялық келісімді нығайтып, мемелекетіміздің біртұтастығы жолында рухани келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылықты насихаттап жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет