Сарыағаштық ұстаздар облыс әкімінің құттықтауын онлайн режимде тамашалады

0
1 607

Елбасымыздың жолдауында айтылғандай келесі жылы ұстаздарға айлықты көтеріп барынша қолдау білдіріп жатыр. Бұл жолдаудың сіздердің мерекелеріңізбен тұспа тұс келуіде бекер емес.


Сарыағаштық ұстаздар облыс әкімінің құттықтауын онлайн режимде тамашалады

Сарыағаш ауданы ұстаздары облыс басшысының онлайн құттықтауын тамашалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түркістан облысының ұстаздарын төл мерекесімен құттықтады. Аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлының құттықтауын Сарыағаш ауданы ұстаздары онлайн түрде тамашалады. Облыс басшының құттықтауынан соң, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алмат Сүюбаев 2017-2018 жылдары нәтижелі жұмыс атқарған мұғалімдерге ҚР Білім және ғылым министрі Б. Сағадиевтің «Алғыс хатымен», «Құрмет грамотасымен», облыстық білім басқармасының басшысының «Құрмет грамотасымен» және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сарыағаш ауданы білім саласында облыс бойынша алдынғы орында, оның басты себебі ол сіз ұстаздар. Сіздердің біліктіліктеріңіз арқылы қазіргі кезде Сарыағаш жастары еліміздің алдыңғы қатарлы және әлемдек ретингте алғашқы орында тұратын университеттерде оқып жүр.
Елбасымыздың жолдауында айтылғандай келесі жылы ұстаздарға айлықты көтеріп барынша қолдау білдіріп жатыр. Бұл жолдаудың сіздердің мерекелеріңізбен тұспа тұс келуіде бекер емес. Сіздерге 2018-2019 оқу жылына табыс тілей отыра баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін – деп аудан әкімінің орынбасары Алмат Сүюбаев ұстаздарға аудан әкімінің сыйлығын табыстады.