Сарыағаштың сағызы шетелге эспортталады

0
1 818

Қуаттылығы бір ауысымда 4000 блок өнім (сағыз) өндіретін цехтың жалпы құны 70,0 млн. теңге.


Сарыағаштың сағызы шетелге эспортталады

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданыда «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнімдерінің басты еңбек күші жастардан құралған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыстық ақпараттық топ ең бірінші пресс турды Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елдімекенінде орналасқан «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехынан бастады. Бұл цех 2012 жылы іске қосылған. Қуаттылығы бір ауысымда 4000 блок өнім (сағыз) өндіретін цехтың жалпы құны 70,0 млн. теңге.
Кәсіпорын директоры Қ.Жаназаров сағыз шығаруға қажетті шикізаттарды Түркия елінен әкелгендігін және дайын өнімдер ішкі нарықпен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдеріне экспортталатындығын айтты.
Бүгінгі таңда «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехында 1 ауысымның өзінде 30 адамды қамтиды. Кәсіпорында негізгі жұмысшыларын жастар құрайды. Қазіргі таңда бұл кәсіпорында айлық 50-60 мың теңгені құрап отыр.