​Сенбілік серуен оқушыларға қуаныш сыйлады

0
2 968

Мектеп ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған елге тағзым» бағдарламасын жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың ұйымдастыруымен қолға алынған игі іс «Ұлттық кодты» насихаттауды көздейді.


​Сенбілік серуен оқушыларға қуаныш сыйлады

Мақтаарал ауданы Фердауси ауылындағы «А.Фердауси» атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы 5 пен 8-сынып аралығындағы оқу үлгерімі өте жақсы деген он сегіз оқушыны Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат етуге алып келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Баннерлерге арнайы «Рухани жаңғыру», «Мақтаарал ауданына 90 жыл!» деп жазылған қос бірдей темір тұлпармен саяхаттауға жолға шыққан топ алдымен Арыстан баб кесенесіне барған-ды.
Жол шығынын, аталған мектептің директоры Жанар Мамырованың айтуынша "KAZ SAPA INVA" ЖШС-нің қаржысы есебінен төленген. Мектеп директоры жеткіншектерді туған елдің тарихымен таныстыру, саяхаттау арқылы балалардың қуанышын еселей түсу мен үшін бір ғанибиет деген пікірде. Оқушылармен бірге сенбілік сапарға шыққан мектеп директорының мұнда оқу ісі жөніндегі орынбасары Хадиша Алимова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирхамит Мирзаев жол басшы ретінде келген.
Ауа райының қолайсыздығы саяхат шырқын бұзалмады. Керісінше, кесене маңында естелік суретке түскен олар, шат-шадыман көңіл күймен таңсық өлкенің тарихын білуге қызығушылық танытты. «Отан», «Туған жер» тақырыбындағы өлеңдерді жатқа айтқан оқушылар еліміздің патриоты екенін аңғарты.
Алдағы уақытта «А.Фердауси» атындағы жалпы орта мектебі аудандық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алмақ ниетте. Тарқатып айтқанда, 17-қазан күні жыр мүшәйрасын ұйымдастырмақ. Бір ерекшелігі жыр дастандарды жатқа айту мүшәйрасына онға жуық тәжік-өзбек мектептерінің оқушылары қатысатын болады.