Шардара балығының 70 пайызы шетелге экспортталады

0
3 449

Жалпы облыста бүгінде 3 балық өңдеу зауыты мен 28 балық шаруа қожалығы бар. Бұл кәсіпорындарда жылына 6 мың тонна балық өңделеді.


Шардара балығының 70 пайызы шетелге экспортталады

Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, оны Еуропа елдерінің нарығына шығару көзделіп отыр. Осы саланы дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары Шардара ауданында бас қосты, -деп хабарлайды 7kun.kz ОҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауылшаруашылығы кооперативтерін құру бойынша кезекті мамандандырылғансеминар-кеңес Шардара ауданында өтті. Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.Қаныбеков пен аудан әкімінің орынбасарлары және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Шардара ауданында бүгінгі күнге дейін балық, мақта, мал шаруашылығы, көкөніс пен бау-бақша бағыттарында 19 кооператив құрылған екен.

Семинар қатысушылары Шардара ауданындағы «Хамит» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Кездесу барысында олар балық және көкөніс шаруашылығы кооперативтерін құру бағыттарын талқылады.

Айта кетейік, «Хамит» өндірістік кооперативінде балықтың 10 түрі әзірленеді. Сапалы өнім шығаратын кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін балық өңдейді. Жалпы өнімнің 70 пайызы Ресей, Германия және Израиль сынды елдерге экспортталса, 30 пайызы ішкі нарыққа саудаланып жатыр.

Жалпы облыста бүгінде 3 балық өңдеу зауыты мен 28 балық шаруа қожалығы бар. Бұл кәсіпорындарда жылына 6 мың тонна балық өңделеді. Басқарма басшысының орынбасары балық шаруашылығында коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін ұлғайтуға болатынын жеткізді.

Шардарада бүгінде 3 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның ішінде «Хамит» және «Шардара балық – 1» кәсіпорындары көшбасшы. Ал өткен жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде тағы бір зауыт іске қосылған. Кәсіпорын 40 адамды жұмыспен қаптып отыр.