​Шардарада балық аулау сайысы өткізіледі

0
2 432

Сайыс 20-21 қазан күні өткізіледі.


​Шардарада балық аулау сайысы өткізіледі

Бір мезгіл балық аулап бой сергіткенге не жетсін, шіркін! Ендеше таза ауа, тұмса табиғат құшағында, керемет көлдің жағалауындағы сайыстан құр қалып кетпеңіз, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жетісай аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

- "Құрметті, әуесқой балық аулаушылар! Сіздерді Жетісай аудандық "Жастар Ресурстық" орталығының ұйымдастыруымен Шардара су қоймасында өтетін әуесқойлар арасында балық аулау сайысына шақырамыз. Келіңіздер, қатысып көріңіздер!", делінген фейзбук парақшасында.

Сайыс 20-21 қазан күні сағат 12:00 де, Шардара су қоймасы 158 бұрылыста бастау алады. Сайысқа қатысу үшін алдын ала тіркелем десеңіз, мына 87027280217, 87079197199 байланыс телефондарға хабарласа аласыз.