Шардарада тұрғындар әлеуметтік желі арқылы жемқорлық фактілерін айта алады

0
1 076

Жеке қабылдауға аудан және елді-мекендерден 3 тұрғын қатысып, өз сұрақтарын қойды.


Шардарада тұрғындар әлеуметтік желі арқылы жемқорлық фактілерін айта алады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Шардара аудандық филиалында аудан тұрғындарының арасында жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аталған агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке қабылдауға аудан және елді-мекендерден 3 тұрғын қатысып, өз сұрақтарын қойды. Сұрақтар негізінен мемлекеттік қызмет атқарудағы өзгерістерге байланысты,яғни факторлы-баллды шкала, бонус, штат қысқарту, уәкілетті органдарға мемлекеттік жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты болды.
Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына заң талаптары жауаптар беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде әрдайым ашық екенін жеткізді.
Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.
Айта кетсек, 31.10.2018 жылы Департамент басшысының жеке қабылдауы алғаш рет «Skype» бейнебайланысы арқылы өтті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар ай - сайын жалғасатын болады.