Шардаралық 80 жастағы қария ауласына 5,5 мыңға жуық түп көкнәр еккен

0
1 678

Айғақ зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болған.


Шардаралық 80 жастағы қария ауласына 5,5 мыңға жуық түп көкнәр еккен

Түркістан облысы полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық егілген «көкнәр» өсімдігін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шардара АПБ-не «жергілікті тұрғын ауласында есірткі өсіреді» деген хабарлама келіп түседі. Аталған ақпаратты тексеру мақсатында КПБ-нің қызметкерлері жедел әрекет етіп, көрсетілген мекен-жайда анықтау жұмыстарының кешенін жүргізді.
Нәтижесінде, 80 жастағы қарт тұрғынның үйінің ауласынан күтіп-баптап, өсірілген есірткіге ұқсас хош иісті 5,5 мыңға жуық түп табылды. Айғақ зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болды.

Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды.

Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Бірқатар сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес аталмыш 4 соттық жерге егілген өсімдіктер, салмағы 62 келі жуық «Ұйықтататын көкнәр» болып шықты. Ал, тапшан үстінен алынған зат «кептірілген көкнәр сабаны» екені анықталып, жалпы салмағы 45 граммды құрады.
Күдікті қария өзінің қылмысын толық мойындап, өсімдіктерді жеке басына пайдалану үшін еккендігін көрсетті. Бас шарасы «қолхатта». Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 80 жастағы азамат бұрын осы тектес қылмысты жасап, 3-жылға сотты болған.