Шардаралық Қайсар Шамшидинов қазақ күресінен түйе палуан атанды

0
2 487

«Түйе палуан» атануға 22 палуан ниет білдірген.


Шардаралық Қайсар Шамшидинов қазақ күресінен түйе  палуан атанды

Шардаралық палуан Қайсар Шамшидинов «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдығы аясында қазақ күресінен өткен дәстүрлі турнирде түйе палуан атанды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдығы аясында Кентау қаласында қазақ күресінен өткен дәстүрлі турнирге Түркістан облысының 100-ге тарта палуаны қатысса, солардың ішінде өзіне сенімді 22 үміткер «Түйе палуан» атануға ниет білдірген.
Бұған дейін өзі белдескен 90+ салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген шардаралық Қайсар Шамшидинов жарыс соңында абсолюттік салмақта бағын сынап, «Түйе палуан» атанды.
Қарсыластарынан ептілігі мен айласын асырып, күшінің басымдығын мойындатқан Қайсар Шамшидиновке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан турнирдің бас жүлдесі – «Нексия» автокөлігінің кілтін табыс етті.
Айта кетейік, өткен жылы аталмыш турнирде Қайсар Шамшидинов екінші орынға табан тіреп, күміс медаль иеленген болатын.