Шаруаларды қолдауға қазынадан 60 млрд. теңге бөлінді

0
1 262

«ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлы несие корпорациясы» ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіруді үш бағыт бойынша жүзеге асырады.


Шаруаларды қолдауға қазынадан 60 млрд. теңге бөлінді

ERNUR.KZ. 2018 жылғы көктемгі-егіс және астық жинау науқандарын өткізуге республикалық бюджет есебінен 60 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы туралы «Аграрлы несие корпорация» АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев 2018 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландырудың негізгі кезеңдері туралы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында айтты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ арқылы бөлініп отырған қаражат шаруаларға егін салып, оны жинауға қажетті тұқым мен техника сатып алуды несиелендіруге бағытталмақ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі, «ҚазАгро» Холдингі өкілдері астық егу және жинау науқандары кезінде фермерлерге көрсетілетін қажетті қолдаулар туралы толық ақпарат берді.

« ... желтоқсан айында қарызгерлерден алынған өтінімдерді қарастырып, қаңтар айының соңында қаржыландыруды бастадық. Корпорация тарапынан өтінімдерді қысқа мерзімде мақұлдау және қаржыландыру жылдамдығы фермерлерге ұрық, гербицид, құрал-жабдықтар және басқа қажетті тауарлар мен қызметтерді оңтайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді», - деп «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Сарыбаев айтты.

«ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлы несие корпорациясы» ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіруді үш бағыт бойынша жүзеге асырады:

Қаржыландыруды үш жолмен жүзеге асыру көзделген:

Несие серіктестері арқылы – 10 млрд.теңге;

Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар арқылы – 22,0 млрд. теңге;

Тікелей несиелендіру – 28,0 млрд.теңге.

Несиелендіру мерзімдері – 2018 жылдың желтоқсанына дейін. Соңғы қарызгер үшін сыйақы көлемі – 6 пайызға дейін.