Шымкент қаласы әкімінің инвестиция және бизнес-жобалар бойынша кеңесшісі тағайындалды.

0
1 427

Еске салсақ, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев кәсіпкерлермен кездесу барысында әкімдікке кәсіпкерлер мәселесіне қанық адам керек, жалғыз ғана шарт – ол кәсіпкерлік саласынан және кәсіпті дөңгелетудегі барлық қиындықтармен таныс болуы қажет екенін айтқан болатын.


Шымкент қаласы әкімінің инвестиция және бизнес-жобалар бойынша кеңесшісі  тағайындалды.

Игорь Копайлов - қала әкімінің инвестиция және бизнес-жобалар бойынша кеңесшісі болып тағайындалды. Жаңа кеңесші кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдар арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектесетін болады.

Еске салсақ, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев кәсіпкерлермен кездесу барысында әкімдікке кәсіпкерлер мәселесіне қанық адам керек, жалғыз ғана шарт – ол кәсіпкерлік саласынан және кәсіпті дөңгелетудегі барлық қиындықтармен таныс болуы қажет екенін айтқан болатын.

Игорь Копайлов түрлі жылдар ішінде «Хабар агенттігі» АҚ-ның коммерциялық директоры, «Қазақфильм»АҚ вице-президенті, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында қоғамдық вице-президенті, «Атамекен» БЗТ төраға кеңесшісі, «Қазинвест» инвестициямен жұмыс жасау бойынша қазақстандық орталықты басқарған, Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) іскерлік кеңесінің Атқарушы хатшысы және ҚР Индустрия және сауда министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі болып қызмет атқарған.

«Қазатомпром ҰАҚ» АҚ-да басқарушы лауазымдарда жұмыс жасаған. Соңғы қызметі - «SCAT» әуекомпаниясының басқарушы директоры.
Францияның Жоғары экономика және коммерция мектебін кәсіби басқаруда шебер дәрежесі бар.