Шымкент басшысы әкімдік қыздарына Голливуд жұлдызындай құрмет көрсетті (видео)

0
1 546

​ERNUR.KZ Бүгін Шымкент қалалық әкімдігіндегілер үшін естен кетпес күндердің бірі болды. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ер азаматтар қыз келіншектерді тосын сыймен күтіп алды.


Шымкент басшысы әкімдік қыздарына Голливуд жұлдызындай құрмет көрсетті (видео)

ERNUR.KZ Бүгін Шымкент қалалық әкімдігіндегілер үшін естен кетпес күндердің бірі болды. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ер азаматтар қыз келіншектерді тосын сыймен күтіп алды.

Жұмысқа келген әрбір қызметкер әйел адамы қызыл кілеммен жүріп өтіп, екі жақта кілең ер азаматтар шапалақпен қошемет көрсетіп тұрды. Ал төрде Шымкент басшысы Нұрлан Сауранбаев пен әкімдіктің аппарат басшысы екеуі нәзік жандылар гүл шоқтары мен сыйлық тарту етті. Бұл тосын сыйдың тек бірінші бөлімі деуге болады. Мұнан соң әкімдіктегі ер азаматтар концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Тіпті түрлі қойылымдармен өз өнерлерін паш етті. Өз кезегінде ер азаматтар әріптес қыз келіншектерге алғыстарын жаудырды. "Біздің тамаша әріптестерімізге алғыс айтқымыз келеді. Себебі олар кейде бізбен тең қызметтерді де атқарады.

Және олар жұмыстарын мүлтіксіз жасайды. Әйелдер нəзік жан иесі болғанымен, ерлерге қарағанда жауапкершіліктері жоғары",-деді əкімдіктің ер азаматтары.