Шымкент: бірге пәтер жалдаған танысын тонап кеткен қыз ұсталды

0
1 213

Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының барысында «ізін суытпай» ұрлық жайты бойынша 1990 ж.т. азаматша ұсталды.


Шымкент:  бірге пәтер жалдаған танысын тонап кеткен қыз ұсталды

ERNUR.KZ. 2018 жылғы 02 сәуірде Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне 1991 ж.т. жергілікті жердің тұрғыны арызданған, онда 1990 ж.т. таныс қызы жалдамалы пәтерде, қалтасындағы 80 000 теңгесі мен құны 90 000 теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткендігін көрсеткен,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының барысында «ізін суытпай» ұрлық жайты бойынша 1990 ж.т. азаматша ұсталды.

Қазіргі таңда ұрлық жайты бойынша күдікті тұлға қамауға алынып, тәртіп сақшыларымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Егерде ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға немесе «102» телефонына хабарласуыңыз қажет.