Шымкент дүкенінде қарбыз сатылып тұр

0
2 063

Шымкент қаласының дүкендерінің бірінде қарбыз сатылып жатыр. Бұл қарбыз былтырғы жылғы қыркүйек-қазан айларында дүкен сөрелеріне қойылған.


Шымкент дүкенінде  қарбыз сатылып тұр

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының дүкендерінің бірінде қарбыз сатылып жатыр. Бұл қарбыз былтырғы жылғы қыркүйек-қазан айларында дүкен сөрелеріне қойылған. Басқа қарбыздар жарамсыз болып қалған. Дегенмен, осы бір қарбыз әлі де өңін жоғалтпаған.

Сатушының айтуынша дүкенге келген тұтынушылардың барлығы осы қарбызға назар аударады екен. Тіпті, сатып алуға сұрап жатқандары да бар. Көбіне қарбызды аяғы ауыр келіншектер сұрап келетін көрінеді. Бырақ, улану жағдайы орын алмас үшін ешкімге сатпайды екен. Сөреде тек көрік үшін есебінде тұр.

ERNUR.KZ