Шымкент көшелеріне гүл егу басталды

0
4 060

Еліміздің өзге облыстары бұрқасын қарды күтіп жүрсе Оңтүстікте гүл отырғызу жұмыстары қарқынды басталып кетті


Шымкент көшелеріне гүл егу басталды

Еліміздің өзге облыстары бұрқасын қарды күтіп жүрсе, Оңтүстікте гүл отырғызу жұмыстары қарқынды басталып кетті, - деп хабарлайды жергілікті tvk арнасы.

Үшінші мегаполисті көріктендіруге ондаған жұмысшы білек сыбана кіріскен. Желтоқсан көшесіне роза гүлі отырғызылса, Арғынбеков Өтегенов көшелерінде тазалық жұмыстары мен ағаш бұтау сынды іс-шаралар таңертеңнен бастау алған.

Қазір ЛТД Тұрмыс ЖШС-нің барлық техникалары қаланы көгалдандыруға жұмылдырылған. Жұмысшы топ өз істерін 1 айдың ішінде бітіру тиіс. Қазіргі ауа-райы қаланы көгалдандыруға ыңғайлы болғандықтан, мамандар жұмыстарын дәл уақытында жасап жатырмыз дейді.