Шымкент: Күйзеліске түскен балаларға психологтар көмек көрсетіп жатыр

0
1 695

Алматы қаласынан университет декандары мен психологтар келіп жұмыс жасауда.


Шымкент: Күйзеліске түскен балаларға психологтар көмек көрсетіп жатыр

Арыстық азаматтарға қайырымдылық көмек көрсету үшін Алматы қаласындағы Қыздар мемлекеттік педагогика университетінің бір топ ұстаздары Шымкентке келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Білім ордасының проректоры бастап келген бес факултет декандары мен психологтар қаламыздағы эвокуациялық пунктерді аралап, қажетті киімдер мен жеке бастың тазалық заттарды таратты. Сондай - ақ, университет ұжымы арыстықтарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударған.

"Біздің студенттеріміздің басым бөлігі осы оңтүстік өңірінен. Арыстағы оқиға жайлы естігенімізде бей - жай қарай алмадық. Жағдайды көзімізбен көріп, қолымыздан келгенше көмек бергіміз келді" – дейді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова.

Университет ұжымы әлеуметтік қолдаудан бөлек күйзеліске түскен балаларға психологиялық көмек көрсету мақсатында 3 психолог маман жұмыс жасауда.