​Шымкентте оқушыларға күдікті сағыз таратқандар іздестіріліп жатыр

0
2 068

4 «б» сынып оқушыларына дене тәрбиесі пәні кезінде орын алған. Бұл оқиға №47 мектепте орын алған. Күдіктілер спорт алаңында ойнап жүрген балаларды шақырып, өлең айтсаңдар сағыз беремін деп алдаған екен.


​Шымкентте оқушыларға күдікті сағыз таратқандар іздестіріліп жатыр

Оқиға №47 мектепте, 4 «б» сынып оқушыларына дене тәрбиесі пәні кезінде орын алған. Күдіктілер спорт алаңында ойнап жүрген балаларды шақырып, өлең айтсаңдар сағыз беремін деп алдаған екен. Бұл кезде мұғалімнің қайда жүргенін әзірге не мектеп басшылығы не қалалық білім бөлімінің өкілдері айтып бере алмады. Дал осындай жайт қаламыздағы №59 мектепте дүйсенбі күні болған. Бір қызығы күдіктілерді "қызықтырған" оқушылар 4-сынып балалары. Оқушылар арасында улану тіркелмеген. Дегенмен, ата-аналар алаңдаулы. Бұл ақпарат WhatsApp желісіндегі ата-аналар тобынада тараған. Аты-жөнін жасырған ата-ана баласына белгісіз біреулер тегін сағыз бергенін жазған. Осыдан кейін қалған ата-аналар балаларынан сұраса «өлең айтқанымызға сағыз берді» деген жауап алған. Жанна Төлендиева өз фейсбук парақшасында осы ақпаратпен бөліскен. Блогерге бұл «жалған» ақпаратты Салтанат есімді келіншек берген. Журналистер, ата-аналар мәселенің мән-жайын білуге мектепке жиналғанда Салтанат есімді келіншек келмеді. Тіпті, телефон қоңырауларына да жауап бермеді.

«Біз дене шынықтыру сабағында жүргенде екі «ағай» келіп өлең айтсаңдар сағыз беремін деді. Бәріміз жарысып өлең айтып, сағыз алдық. Өзім 3 өлеңге 3 сағыз алдым. Біраздан кейін ешкім өлең айтпай қойып еді, барлығымызға таратып бере салды. Менің еш жерім ауырған жоқ», - деді 4 «б» сынып оқушысы Жарылқасын Ердәулет.

"Бұл ақпаратты естіп өзім де шок болып отырмын. Бірақ, ешқандай улану жоқ. Оқушыларымыз аман-есен", - деді мектеп директоры Жамиля Оспанова.

«Күдіктілерді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Осы мәселе бойынша іздеу жұмыстарының нәтижесін хабарлаймыз», - деді Әл-Фараби аудандық прокуратурасының прокуроры Закир Юсупов.