​Шымкент зообағы Астананың 20 жылдығына 20 аң сыйлауға дайын

0
2 432

ERNUR.KZ. Астананың 20 жылдық мерекесіне орай Шымкент зообағы 20 аң сыйлауға дайын отыр


​Шымкент зообағы Астананың 20 жылдығына 20 аң сыйлауға дайын

ERNUR.KZ. Астананың 20 жылдық мерекесіне орай Шымкент зообағы 20 аң сыйлауға дайын отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін қайта құрудан соң пайдалануға берілген Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағының ашылу рәсімі өтті. Оған ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев келіп танысып, Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай 20 аң сыйға тартылатынын мәлімдеп, «Сафари» бөлігінің ашылуына орай барлық келушілерге балмұздақ тегін таратылды. Заман талабына сай, ашық табиғи ортаға бейімделген «Африка» континентіндегі павильондар саябақтың көркіне үлес қосуда.

2010 жылы зообақты қайта құру жұмыстары басталып, қазір 3-кезеңі жалғасуда. Қайта құру жұмысы бойынша 2013 жылы «Африка» аумағы, әкімшілік ғимараты және «Тау» экспозициясы басталып, жоспарлы уақытында аяқталған. Қазіргі кезеңде 9 вольердің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Қосымша айта өтсек, Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Бүгінде зообақта 249 түрлі 2478 бас жан-жануар бар. 2017 жылы келушілер саны 426 мыңға жетсе, 2018 жылғы 3 айда 60 мыңнан астам адам келген. Жануарлардың өсу динамикасы жыл санап артуда. Құрылған кезде зообақта 75 түрлі аң болса, 2017 жылы 248 түрлі жан-жануарға жетті.

«Африка» аумағын жан-жануармен толықтыру мақсатында ЕАРАЗА құрамындағы зообақтардан аңдарға сұраныс берілді. Одан бөлек Mafunyane, Amazonia Zoo, Animals azia, International Zoo секілді әлемнің басқа да құрлықтарынан жануар алып келетін фирмалармен келіссөздер жүргізілді.

Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болуына орай, 2020 жылы жан-жануарлар түрін 1000-ға және келушілер санын бір миллонға жеткізу жоспарлануда.