Шымкент зообағының сейфі ұрланды

0
1 073

Суыққолдылар ақша салынған сейфті көтеріп кеткен.


Шымкент зообағының сейфі ұрланды

ERNUR.KZ. Кеше түнде Шымкент зообағының әкімшілік ғимаратына ұры түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Суыққолдылар ақша салынған сейфті көтеріп кеткен.

Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қарагөзованың мәлімдеуінше, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК «Ірі көлемде ақша ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қылмысты ашу үшін Әл Фараби аудандық ІІБ ЖБ арнайы топ іске кірісті. Оның құрамында жоғары деңгейлі із кесушілер бар.