Шымкенттің балалар тіс дәрігеріне тегін қаралуға мүмкіндік алды

0
1 515

Саябақта педиатр, стомотолог дәрігерлер тегін кеңес беріп, қызықты викториналық ойындар жүргізді.


Шымкенттің балалар тіс дәрігеріне тегін қаралуға мүмкіндік алды

ERNUR.KZ. «Кеңбаба» саябағында «Балалар – бізідің болашағымыз» атты акция өткізілді. Мұнда жас балдырғандар тіс дәрігерлеріне тегін көріну мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталмыш акцияның өтуіне Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мұрындық болып отыр.

Саябақта педиатр, стомотолог дәрігерлер тегін кеңес беріп, қызықты викториналық ойындар жүргізді. Балалар асфальтқа сурет салу арқылы өз қиялдарының жемісін жиналған көпшілікке көрсетті. Іс-шараға 300-ге жуық бала қатысты, оларға сый-сыяпаттар берілді.