Шымкенттің бірнеше көшелері жабылады

0
1 050

2018 жылдың 20 сәуірінен бастап 1 маусымына дейін Сайрам көшесінің Уәлиханов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралығына уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылады.


Шымкенттің бірнеше көшелері жабылады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымы қызметін қамтамасыз ету мақсатында Сайрам көшесінің Тәуке хан даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Осыған байланысты 2018 жылдың 20 сәуірінен бастап 1 маусымына дейін Сайрам көшесінің Уәлиханов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралығына уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылады.