Шымкенттің кей көшелеріне бірнеше күн табиғи газ беру тоқтатылады

0
1 148

Шымкент қаласы Наурыз шағын ауданындағы ГТП жүйесіне қосылған абоненттерде табиғи газ өшіріледі


Шымкенттің кей көшелеріне бірнеше күн табиғи газ беру тоқтатылады
ERNUR.KZ. 30 мамыр – 1 маусым аралығында газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында Шымкент қаласы Наурыз шағын ауданындағы ГТП жүйесіне қосылған абоненттерде табиғи газ өшіріледі деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көгілдір отын қаланың келесі көшелерде болмайды: Ахметов, Сауран, Дәулетұлы, Марғұлан, Қарабұлақ, Қобда, Жал Қордай, Тұяқбаев, Мыңжылқы, Наурыз-1, Наурыз-2, Арғымақ, Баян ауыл, Егеменді, Канал, Қайсар, Озат, Жаңа-арқа, Ердік, Арай, Жаңа құрылыс, Береке, Рысқұлов, Байтұрсынов өткелі.