​Шымкентте 4 қабатты мектеп салуға рұқсат берілді

0
1 977

2020 жылға дейін шаһарда апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі шешілетіні айтылды.


​Шымкентте 4 қабатты мектеп салуға рұқсат берілді

ERNUR.KZ.Шымкентте 4 қабатты мектеп салуға рұқсат берілді. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен мәжілісте қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Жиында, сонымен қатар, 2020 жылға дейін шаһарда апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі шешілетіні айтылды.

Бұл мәселенің оң шешілуіне қалада төрт қабатты мектеп ғимараттарын салу мүмкіндігі септігін тигізіп отыр. Қазіргі таңдағы құрылыс саласының талаптарын, құрылыс материалдарының беріктігі мен сапасын есепке ала отырып, сыйымдылығы 3000 оқушыға арналған ғимараттар салу мүмкіндігі бар дейді мамандар. Жалпы қаладағы құрылыс жұмыстарының барлығы белгіленген кесте бойынша жүзеге асуда.

Нақты айтқанда шаһарда бүгінгі таңда 10 мектеп, 1 балабақша салынуда. Тағы 4 мектеп жөнделуде. Алты мектептің бесеуін биыл аяқтау көзделген. Олар:

- Таскен тұрғын алабындағы 600 оқушыға арналған №103 орта мектеп;

- Бозарық шағынауданындағы 900 орынды мектеп құрылысы;

- Сайрам тұрғын алабындағы №112 орта мектептің 300 орынды оқу блоктарының құрылысы;

- Қарабастау тұрғын алабындағы №99 жалпы орта мектептің 300 орынға қосымша құрылыс;

- №76 орта мектептің оқу ғимараты, асхана, шеберхана және спортзал құрылысы.

Жиында қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ә.Рабаев мектеп құрылысында айтарлықтай мәселе жоқ деп мәлімдеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда Шымкентте 4 қабатты, сыйымдылығы 3000 оқушыға арналған мектептер салуға болатынын айтты.

фото cod02.ru