Шымкентте қаланы көріктендіруге кедергі болған құрылыстар бұзылып жатыр

0
1 097

Олардың бірінің иесі қазір Астана қаласында, екіншісі түрмеде, үшіншісі Алматыда жұмыс істейді екен, бүгін сол кісінің гаражын алып тастап жатыр.


Шымкентте қаланы көріктендіруге кедергі болған құрылыстар бұзылып жатыр

Шымкент қаласының бойымен өтетін «Шымкент» каналын абаттандыру жұмысы басталып кетті. Осыған орай каналдың жағасында орналасқан жеке құрылыстар бұзыла бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Александр Александрович Малаховтың айтуынша ОҚО, Шымкент қаласы әкімдерінің тапсырмасына сәйкес, абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Шымкент» каналының 12-ші мөлтекаудандағы тұсында заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жүріп жатыр.

Мұнда негізінен темірден жасалған гараждар көп. Алдымен әкімшілік тарапынан заңсыз салынған гараж иелеріне өз нысандарын алып тастау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Өйткені олардың заңды құжаттары жоқ екен. Соның нәтижесінде 45 гараждың 25-сі алынды. Мұнда тиісті құжаттары бар 2 гараж орналасқан. Қазіргі кезде бұл екеуін мемлекет меншігіне алуға қаулы дайындалып жатыр. Соған сәйкес оларға өтемақы төленеді. Алайда А. Малахов мырза өтемақының мөлшерін атай алмады, оны бағалау комиссиясы айтатындығын жеткізді.

Жалпы түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұрғындар өз еркімен гараждарын бұзып әкете бастаған. Бүгінгі таңда тұрғындар каналдың жағасына заңсыз салған құрылыстарын өздері бұзып, алып кету үшін әкімдіктен көмек сұрап отыр.

Бұл жұмыстың басталғанына шамамен 13-15 күн болды. Қазір 3 гаражды алып тастау ғана қалыпты. Олардың бірінің иесі қазір Астана қаласында, екіншісі түрмеде, үшіншісі Алматыда жұмыс істейді екен, бүгін сол кісінің гаражын алып тастап жатыр. Астанадағы гараж егесі осы айдың 21-ші жұлдызында келеді. Бұл жерде тек олардың өздері өтініш жасаса ғана әкімдік бұзуға көмектеседі, ал материалдарын тұрғындардың өздері алады.


Жоспар бойынша Шымкент қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы смета-жобалық құжат әзірлеп жатыр. Соған сәйкес мұнда демалатын орындықтар қойылып, аяқжолдар салынып, жарықтандырылады. Бір сөзбен айтқанда демалыс орнына айналады. Біздің ыстық климат үшін бұл өте қолайлы көрінеді.

Шымкент қаласының сәулет құрылысы бөлімінің басшысы Нұрлан Архабаевтың айтуынша қалада бірінші кезеңде Бекет батыр, келесі тапсырма бойынша 11-12 мөлтекаудандағы қараусыз қалған.

«Шымкент» каналының бойын реттеу, сонымен бірге 15-16 мөлтекаудандардың бойындағы игерілмей, қараусыз қалып кеткен нысандарды да назардан тыс қалмайды. Одан бөлек шатқалдар бағдарламасы да жалғасын табады. Болашақта қала орталығында демалыс орындары көбейеді екен. Қызыл сызыққа түсіп кеткен, заңсыз салынған нысандарды бұзу заң шеңберінде атқарылады. Кезінде мүлікке рақымшылық жасау мәселесі уақытында заңсыз салынған құрылыс иелерінің кейбірі құжаттарын заңдастырып алған екен. Ретке келетінінің барлығы заң шеңберінде шешіледі, ал ұзаққа кетіп бара жатқанын уақыт көрсетеді. Лажы болса мұндай процестердің сотқа жетпей өз шешімін тауып кеткені жөн, дейді Н. Архабаев

Бөлісу