Шымкентте қалта ұрлығы қылмысын ашу көрсеткіші артқан

0
2 320

Қалта ұрлығының 80,4 пайызы қоғамдық автокөліктерде жасалып отыр, яғни қоғамдық автокөліктерден 86 қалта ұрлығы, ал базарлардан 21 қалта ұрлығы орын алған.


Шымкентте қалта ұрлығы қылмысын ашу көрсеткіші артқан

2018 жылдың 4 айында Шымкент қаласында қалта ұрлығына қатысты 58 қылмыс ашылған. Өткен жылдың осы мерзімінде ашылған осы тктес қылмыстар саны 20 болатын, деп хабарплайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы аумағында орын алған қалта ұрлығының орны мен ұрланған заттарға саралайтын болсақ, қалта ұрлығының 80,4 пайызы қоғамдық автокөліктерде жасалып отыр, яғни қоғамдық автокөліктерден 86 қалта ұрлығы, ал базарлардан 21 қалта ұрлығы орын алған. Бұл қалта ұрлығының 89,7 пайызы ұялы телефонға қатысты. 107 ұрланған заттың 96 ұялы телефон, 11 әмиян болып отыр.

Қалтадан ұрланған ұялы телефондарды анықтау, алдын алу, ашу және көрсеткішті жоғарылату мақсатында қалалық полиция бөлімдерінің криминалдық полиция құрамаларынан 1 қызметкерден бөлініп, топ құрылған болатын. Осы топтың жұмыс атқару нәтижесінде 191 ұялы телефон тәркіленіп алынды, ол бойынша бұрын ашылмаған 149 қылмыс ашылды, сонымен қатар тәркіленген 42 ұялы телефондар бойынша шешім қабылданған, яғни азаматтардан тәркіленіп алынған ұялы телефондарды «Гарант» сауда орнында белгісіз азаматтардан алынғандары анықталды.

Күнделікті атқарған жұмыстардың нәтижесіне жедел есеппен алғанда қала аумағында орын алған қалта ұрлығы қылмыстары бойынша қалалық полиция бөлімі және оның құрылымдарымен біргелікте 10 қылмыстық топтар мен эпизодты тұлғалар құрықталып, 132 қылмыс ашылды.

Тәртіп сақшыларымен 4 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, олардың 56 қылмысқа қатысы бары анықталды.