Шымкентте аутизм мәселелері жөнінде іс-шара өтеді

0
2 188

ERNUR.KZ​. 2 сәуір күні сағат 11.00-де ОҚО Шымкент қаласының Оқушылар сарайында қоғамды ақпараттардыру және аутизм мәселелерін шешу мақсатында «АУТИЗМ ТУРАЛЫ БІЛ!» атты іс-шара өтеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Шымкентте аутизм мәселелері жөнінде іс-шара өтеді

ERNUR.KZ. 2 сәуір күні сағат 11.00-де ОҚО Шымкент қаласының Оқушылар сарайында қоғамды ақпараттардыру және аутизм мәселелерін шешу мақсатында «АУТИЗМ ТУРАЛЫ БІЛ!» атты іс-шара өтеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2 сәуір аутизм мәселелері жөнінде ақпарат таратудың Бүкіләлемдік күні (World Autism Awareness Day) атап өтіледі.

Жыл өткен сайын осы бір диагнозбен туылып жатқан сәбилер саны артып келеді. Қазір әрбір 88-ші бала аутизм белгілерімен өмірге келіп жатыр. Қазақстан да бұл дерт бойынша өзге елдерден ерекшеленіп отырған жоқ. Бірақ дұрыс диагноз қоюда проблемалар кездесуде. Жалпы аутизм бойынша Қазақстанда статистикалық мәлімет жоқ.

Аталған іс-шараға аутизммен ауыратын балалардың отбасын және бұл туралы ақпарат алғысы келетіндерді шақырамыз.

Аутизм туралы біле жүріңіз!

Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта аутизмнің емі табылмай тұр. Бірақ диагнозы неғұрлым ертерек қойылса, психо-педагогикалық шаралардың арқасында біршама жеңілдетуге болады.

Егер Сіздің балаңызда мынадай жағдайлар байқалса:

өз есімі аталғанда назар аудармаса, бірақ кейбір дыбыстардан қорқатын болса және де басқа да түсініксіз жайттардан қорқатындығы байқалса;

мүлде сөйлемесе және белгілі бір сөздер қатарын немесе сөйлемді қайталай берсе, өзі туралы екінші немесе үшінші жақта сөйлесе;

көзге тура қарамаса, мимика мен ишаратты қолданбаса;

аяғының ұшымен жиі жүрсе және қолдарын дірілдетіп, бір орында айналса;

өз қатарлы балаларды елемесе, тек біртекті ойындарды ойнаса, ересектерге еліктеуі байқалмаса емдету керек.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Дамуында ерекшелігі бар балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан құралған «ЕРЕКШЕ ЖОЛ. ОҚО» ынталы тобы.

Сұрақтар бойынша 87078867206 телефонына байланысуға болады.