Шымкентте автокөлік доңғалақтарын ұрлаумен айналысқандар ұсталды

0
1 209

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған күдіктілердің басқа да автокөлік доңғалақтарын ұрлаудың 7 жайтына қатысы барын анықтады.


Шымкентте автокөлік доңғалақтарын ұрлаумен айналысқандар ұсталды

ERNUR.KZ. Шымкентте көлік доңғалағын ұрлауды табысқа айналдырған 22 жастағы екі жігіт ұсталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Өткен жылдың қараша айында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданған, онда үйінің алдында тұрған өзінің «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің 4 дана доңғалақтарын белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенін көрсеткен.

Оқиға орнына бірден Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің полиция қызметкерлері келіп жеткен. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында 22 жастағы екі күдікті азамат ұсталды. Оның бірі бұрын-соңды сотты болған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған күдіктілердің басқа да автокөлік доңғалақтарын ұрлаудың 7 жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық болып отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.