Шымкентте автокөліктерден ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

0
1 296

Шымкентте автокөліктерден ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды. Әккі ұрыны ұстауға жәбірленушілердің арызы себеп болған.


Шымкентте автокөліктерден ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

Шымкентте автокөліктерден ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды. Әккі ұрыны ұстауға жәбірленушілердің арызы себеп болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың қараша айында Абай аудандық полиция бөліміне жәбірленушілерден бірнеше арыз түскен. Солардың бірі Түркістан қаласының тұрғыны қаладағы автокөлік базарының бірінде көлік аламын деген қомақты ақшасын «Лада ларгус» автокөлігінің ішінен ұрлап кеткенін көрсеткен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, осы қылмысты жасаған деген күдіктіні қолға түсірді. Бұрын-соңды сотты болған сезіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы «Ұрлық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Полицейлер терге барысында күдіктінің басқа да автокөліктен жасалған ұрлықтың 8 жайтына қатысы барын анықтады. Осылайша жәбірленушілерге 6 миллион теңгеге жуық шығын келтірген болып шықты. Қазіргі таңда сезікті қамауға алынып, оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.