Шымкентте бұрғылаушы трактор үйлерді газсыз қалдырды

0
1 220

Hidromek маркалы бұрғылаушы трактор жерге күрделі жұмыстар жасау барысында Верещагин көшесіндегі №60 үйдің жанында орта қысымдағы газ құбырын зақымдаған.


Шымкентте бұрғылаушы трактор үйлерді газсыз қалдырды

Шымкент қаласында газ құбырының зақымдануынан 164 жекежәне 10 көп қабатты үйлер газсыз қалды. Hidromek маркалы бұрғылаушы трактор жерге күрделі жұмыстар жасау барысында Верещагин көшесіндегі №60 үйдің жанында орта қысымдағы газ құбырын зақымдаған деп хабарлайды ERNUR.KZ. OTYRAR.KZ. cайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен газ шаруашылығы қызметкерлері Ватутин көшесіндегі полиэтиленді жерасты газ құбырын жапқан. Соның салдарынан 10 көпқабатты үйлердегі 600 пәтер және жеке сектордағы 164 абонентке газ беру тоқтатылған. Қазір бұл іспен ОҚО ІІД-нің қызметкерлері айналысуда. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өкілдерінің айтуынша газ құбырының зақымдалған тұсы толық қалпына келгеннен кейін газ беріледі.