Шымкентте "қара алтын" ұрлағандардың соты өтуде

0
1 345

Жетеуі ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мұнай құбырлары арқылы аса ірі көлемде мұнай өнімдерін ұрлаған деп айып тағылып отыр.


Шымкентте

Шымкентте Абай аудандық сотында жеті ер азаматқа қатысты қылмыстық процесс басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жетеуі ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мұнай құбырлары арқылы аса ірі көлемде мұнай өнімдерін ұрлаған деп айып тағылып отыр. Сондай ақ мұнай құбырларына қасақана залал келтіргені үшін де айыпталуда. ҚР ҚК нің 262 бабы, 2-ші бөлігімен, 188 баптың 4-ші бөлігі 1,2,3 бөліктерімен, 197 баптың 4-ші бөлігі 1,2 тармағымен сотталуда.

Жеті сотталушының бірі Ғ.есімді азамат тергеу мəліметтеріне сүйенсек, аталған қылмысты ұйымдастырып, барлық іс қимылды басқарып келген. Бұрын дəл осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қалған алты сотталушы бұрын сотты болмаған.
Сот процесі кезінде сотталушылардың бірі ұл-қызымен жүздестіруді ұйымдастырып беруді сұрап судьяға өтініш хат берді. Сегіз айдан бері қамауда перзенттерін көрмей сағынысқанын алға тартыпты. Судья өтінімхатты қарауға алды. Адвокаттардың түгел болмауына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды.