​Шымкентте көпір бұзылды

0
1 179

Зауыт маңынан өтетін шойынжол үстінен өту үшін 1984 жылы салынған көпірдің апатты деп танылғанына біраз болған.


​Шымкентте көпір бұзылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы қорғасын зауытына қарасты аспалы көпір бұзылды. Оның демонтажына қала қазынасынан бір тиын да жұмсалмаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Зауыт маңынан өтетін шойынжол үстінен өту үшін 1984 жылы салынған көпірдің апатты деп танылғанына біраз болған. Қаладағы қорғасын зауыты тоқтаған соң бұл өткелде күтемнен қалған. Апатты көпірдің қараусыз қалғанын қайғылы жағдайдан қауіптенген жергілікті БАҚ талай жазып та жүрді. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің шешімімен сол көпір бұзылды.

-Көпірдің құлап қалуы теміржол қатынасына қауіп төндіретін болғандықтан оны демонтаждау жұмыстары толығымен ҚТЖ ҰК қызметкерлерінің күшімен атқарылады. Әкімдік коммуникациялық желі жұмысын уақытша тоқтату мен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету секілді үйлестіру мәселелеріне жауапты, -дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.

Шымкенттегі Қорғасын зауытына қатысты мәселе бір бұл емес. Алдағы күндері бұрынғы өндіріс аумағындағы 70 метрлік мұржалар да құлатылатын болады.