Шымкентте көпқабатты үйлердің қасбеті жаңартылуда

0
1 567

Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асқан игі бастамалардың бірі. Әр үйдің жөндеу жұмысына бюджет қаржысы жұмсалмайды, тұрғындар да ақша төлемейді.


Шымкентте көпқабатты үйлердің қасбеті жаңартылуда

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылуда. Биыл шаһарда 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті ретке келтірілмек,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асқан игі бастамалардың бірі. Әр үйдің жөндеу жұмысына бюджет қаржысы жұмсалмайды, тұрғындар да ақша төлемейді. Қасбеттер қалалық сәулет бөлімі бекіткен эскизбен боялуда. Балкондары - қоңыр, ал қабырға - ақшыл сары түс, бір-бірімен үйлесім табады.

Еске салсақ, қасбеттерді жаңарту бағдарламасы бір жылдан аса уақыт бұрын жасалған. Ондағы басты мақсат - қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру.