​Шымкентте менингококк дертінен 2 бала бақилық болған

0
1 988

ОҚО бойынша менингококкты жұқпа әр мезгілде қозады. Атап айтқанда жылдың қыс, көктем айларында науқастардың саны көбейеді екен.​


​Шымкентте менингококк дертінен 2 бала бақилық болған

ERNUR.KZ. Бұл туралы ОҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ж. Медетовтың ERNUR.KZ-ке берген жауабында айтылған.

ОҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша облыста 2015 жылы 32, 2016 жылы 13, 2017 жылы 12, 2018 жылдың 5 айында 4 адам менингококк дертіне шалдыққан.

Сонымен қатар осы аурудан 2015 жылы 5, 2016 жылы 3, 2017 жылы 1 адам, 2018 жылдың 5 айында 2 бала қайтыс болыпты.

Алматы қаласында аталмыш дерттің ушығып тұрған шақта "ОҚО-да менингококкпен ауырған 4 адам ауруханада жатыр екен" деген ақпарат әлеуметтік желіде таратылып жатыр. Осы деректің анығын тексеріп көрдік.

-Біздің аурухана бойынша 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін 3 науқас, 2018 жылдың басынан 2 науқас (1 бала, 1 ересек) емделіп, толық жазылып шықты. Жалпы менингококк жедел инфекциялық ауруға жатады. Адамдарға ауа тамшылары арқылы жұғады. Дер кезінде дәрігерге қаралмаса, онда көптеген асқынулар болуы мүмкін. Екі түрге бөлінеді ошақты және генерализовты басқаша айтқанда жеңіл және ауыр түрі. Тым асқынып кетсе, науқастың өліп кетуі де мүмкін. Сондықтан да олар адамның көп шоғырланатын жерінде жүрмеуі қажет, тез арада дәрігерге көрініп, антибактериалды ем алғаны дұрыс – деді Шымкент қалалық Жұқпалы аурулар аурулар ауруханасы бас дәргерінің орынбасары.

ОҚО бойынша менингококкты жұқпа әр мезгілде қозады. Атап айтқанда жылдың қыс, көктем айларында науқастардың саны көбейеді екен.

Алғашқы белгілері: дене қызуы 38-40 градуске жоғарылайды. Мұрынның бітуі, тамақтың ауырсынуы мен жыбырлауы байқалады. Адамның басы айналып, құсқысы келеді. Бірақ құсу науқастың ағзасын жеңілдетпейді.

Менингококк жұқпасының алдын алу шаралары:

  • Алғашқы белгілері пайда болған сәтте тез арада жедел жәрдем шақырып, медициналық көмекке жүгіну керек.
  • Денеге суық тигізуден сақтану.
  • Халық көп шоғырланатын іс-шараларға, мешітке намаз оқуға барғанда міндетті түрде бетперде киіп жүрі қажет.
  • Жеке бастың тазалығын сақтау, тамақтану алдында немесе дәретханадан кейін қолды сабындап жуу керек.
  • Үй ішін жиі желдетіп, таза ауада көбірек жүру.
  • Мұрын – жұтқыншақ жолдарындағы аурулардың алдын алу (тіс шірімесін, құлақтағы қабынуды, таңдай мұрын қуысындағы ауруларды емдеу).